Ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс – Президент

1 Қыркүйек 2020, 11:26
1323
Бөлісу:
Ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында айтты.

Пандемия балық мемлекет үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екінші жерде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы, біз азаматтардан еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да шындықты айтып отырмыз. Бұл кейбір мемлекетке қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы, - деді Президент.

Мемлекет басшысы елдегі ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс екенін айтты.

Ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс, күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, пандемияны жеңу үшін кем дегенде екі жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Барлық шешім мұқият тексерілген, болжамдарға негізделуі тиіс, - деді ол.
Бұған дейін Президент алдымызда тұрған ең басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу екенін айтты. 
Өзгелердің жаңалығы