Әкесін өлтірген қылмыскер анасын да пышақтап тастады

18 Желтоқсан 2020, 23:54
2647
Бөлісу:
Әкесін өлтірген қылмыскер анасын да пышақтап тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкесін өлтіргені үшін он жылға сотталған Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінің тұрғыны тағы да аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Мас күйінде ұсталған ер адам бұл жолы анасын өлтірген.

Юградағы жантүршігерлік қылмыс туралы Ресейдің тергеу комитетіндегілер айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Тергеушілердің айтуынша, 16 желтоқсанда ер адамға 74 жастағы анасы 2008 жылы әкесін өлтіргені туралы айтқан соң, ашуға бой алдырған ол қарияның кеудесіне ас үй пышағын сұғып алған. Қарт әйел сол жерде жан тапсырған, – делінген хабарламада.
Тергеушілер қылмыс кезінде 47 жастағы ер адамның қатты мас болғанын атап өтті. Арада төрт сағат өткен соң ол полицияға өзі хабарласқан.
Күдіктінің бір жарым жыл бұрын түрмеден шыққаны анықталды. Ол әкесін өлтіргені үшін 10 жыл бойы жазасын өтеген, – деп хабарлады тергеу комитеті.

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы