Әкесі телефонын алып қойған жасөспірім көпірден секірмек болды

20 Ақпан 2024, 05:21
650
Бөлісу:
Әкесі телефонын алып қойған жасөспірім көпірден секірмек болды
Фото: Арман Мухатов -архив

Түркістан облысында әкесі телефонын алып қоюының салдарынан көпірден секірмек болған қызды полиция құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауран аудандық полиция бөлімінің "102" тетігіне Шымкент-Түркістан бағытындағы көпірден жасы кәмелетке толмаған жас қыздың секіруге әрекеттеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында орын алған. Тәртіп сақшылары келген кезде жасөспірім қыз көпірден секіруге ыңғайланып тұрғанын көріп, райынан қайтару үшін онымен тез арада сөйлесу қажет екендігін түсінді. Содан полиция инспекторлары бойжеткенді секірмеуге үгіттеп, қауіпті қадам жасамауға көндіре бастайды. Сол сәтте тәртіп сақшысының бірі қолайлы сәтті пайдаланып, бойжеткенді шапшаңдықпен ұстап қалып, қауіпсіз аумаққа алып шықты. Қырағылық пен жедел әрекеттің арқасында полицейлер осылайша 9-сынып оқушысын құтқарып қалды, - делінген Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, қыздың әкесі ұялы телефонын алып қоюының салдарынан араларында кикілжің туындап, жасөспірім ойланбастан осы қадамға барған.

Өзгелердің жаңалығы