Шымкентте жеті баланың анасын өлтіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Балалар жантүршігерлік қылмыстың куәсі болған. 4 жастағы ұл баланың айтуынша, әкелері анасын аяусыз ұрып, артынша терезеден лақтырып жіберген.
Қаза тапқан әйелдің денесін көптеген гематома, тіліну, қан ұюлар, сондай-ақ мұрны мен маңдайының күрделі жарақаттары анықталды. Қайғылы оқиға 5 ақпанда болғанымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысы әлі күнге дайын емес, - деп жазды Otyrar.kz.
Кәмелетке толмаған балалар уақытша мемлекеттік мекемеге орналастырылды. Отбасында 22, 20, 15, 13, 11, 4 және 2 жастағы жеті бала бар. Алдағы уақытта олардың әрі қарай қайда тұратынын сот анықтайды.
Әкелері қолға түсті. Балалар оның отбасында тұрақты түрде аналарына күш көрсеткенін растап отыр.