Әкелі-балалы алаяқтар ұсталды

12 Қазан 2020, 22:40
1838
Бөлісу:
Әкелі-балалы алаяқтар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкесі мен баласы Жамбыл облысындағы 10 кәсіпорынды алдаған.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеушілері екі адамнан, яғни әкесі мен ұлынан тұратын алаяқтардың тағы бір әрекетінің жолын кесті. Алаяқтар аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету түрінде "Ұрпақ" қоғамдық қорының атын жамылып, 10-нан астам түрлі кәсіпорындардың басшыларынан ақша алдап алған. Бұл ретте айлакер туыстар жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдардың көмекшілері екендігін және солардың тапсырмасы бойынша әрекет етіп жүргендіктерін айтады - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижесінде олардың бірнеше рет ірі көлемде алаяқтық жасағаны анықталды, ал жиналған қаражатты жеке қажеттіліктеріне пайдаланған. Бұрын күдіктілер осындай қылмыстар үшін сотты болған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті осындай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен барлық азаматтардан өтініш білдіруді сұрайды.


Өзгелердің жаңалығы