АҚДМ меморган туралы есепті Мемлекет басшысына жолдап отырады – Балаева

12 Қараша 2020, 12:51
1491
Бөлісу:
АҚДМ меморган туралы есепті Мемлекет басшысына жолдап отырады – Балаева
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты. 

АҚДМ  жанындағы комиссия бұдан да үлкен құзыретке ие болады. Себебі ақпаратқа қол жеткізу бойынша заң қабылданған соң Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құзырлы орган болып танылады. Мемлекеттік органның қызметін реттеп, олардың жұмысы туралы есепті Мемлекет басшысына бағыттаймыз. Сондықтан бұл мәселеге салғырт қарамауға шақырамын. Комиссияның бірнеше отырысы өтті. Әлі де бұл мәселенің маңызы туралы түсінік қалыптаспады. Бұл халықпен кері байланыс орнату үшін маңызды, - деді ол.  

Министр атап өткендей, азаматтардың ұсынысын тыңдап, олардың мәселесін шешкен уақыттар да болған. 

 

Айта кетейік, Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау қорытындылары мен пандемия жағдайында мемлекеттік органдардың журналистерге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, бюджет қаражатын жұмсау мәселелерін талқылауға азаматтарды тарту жөніндегі шаралар туралы мәселелер талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы