АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

9 Шілде 2021, 09:40
1559
Бөлісу:
АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АҚДМ министрінің бұйрығымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған. 

2006-2009 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті бас маманының м. а.; бас маманы; сарапшысы. 

2009 жылғы ақпан-қараша аралығында Парламент Мәжілісі депутатының көмекшісі болды. 

2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты. 

2011-2012 жылдары – ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.

 2012 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.



Өзгелердің жаңалығы