«Ақ жол» партиясының өкілдері Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

<p> <span style="font-weight: 700;">Алматы, BAQ.KZ. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Ақтөбеге барды.</span><br> </p>

 20 Желтоқсан 2020 2020, 18:18
20 Желтоқсан 2020 2020, 18:18
1668

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Ақтөбеге барды.

Партия мүшелері жиын барысында кәсіпкерлерді мазалаған сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде елдегі шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі де сөз болды.

Партия кәсіпкерлерге көмектесу үшін елде инвестициялық ынталандыруды енгізу өте қажет деп санайды. Ол үшін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін және тұрақты жұмыс істегеннен кейін жаңа кәсіпорынның 50% қайтарымы болуы қажет. Оған қоса еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды 10 жылға салықтың барлық түрлерінен толық босату қажет деген ұстанымда. Өйткені бұл кәсіпкерлік нысандардың экономикаға қосатын үлесі салықтан бұрын - жаңа технологиялар мен жаңа жұмыс орындары.


Наверх