«Ақ жол» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады

5 Қаңтар 2021, 12:54
1726
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақжолдықтар әдеттегі кездесулерден бөлек жаңа форматқа көшті. 

Яғни партия белсенділері әдеттегідей сайлаушыларды белгілі бір жерге жинамай, сайлауалды бағдарламаны үйге жеткізіп беруде. 

«Есіктен есікке» акциясы аясында партияның ондаған еріктісі Нұр-Сұлтан қаласындағы подъездерге кіріп, арнайы парақшаларды пошта жәшігіне қалдырып жүр. Егер жергілікті тұрғындар тарапынан сұрақтар туындаса, еріктілер сол жерде пікір алмасып, тұрғындарды мазалаған сұраққа жауап береді. «Есіктен есікке» акциясы бір күндік шара емес. Бұл акция 9 қаңтарға дейін жалғасады. Шара сонымен қатар, тек елордада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде өткелі отыр. 

«Ақ жол» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады


 

 

Партия мүшесі Серік Түсіпов бүгін еріктілердің қасында болып, қалалықтармен пікірлесті. Оның айтуына қарағанда, кездескен азаматтардың көбін толғандыратын басты мәселе несие жайында. Қалалықтар кредит мәселесінде халыққа жеңілдік жасалғанын қалайды екен.

Өзгелердің жаңалығы