Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін жариялады.
Бүгін партияның сайлауалды XVI съезінде үміткерлер тізімі бекітілді. Жалпы саны тізімде 38 кандидат бар.
1. Ботагөз Әбділманова, қаржы сарапшысы, аудитор. Нұр-Сұлтан қаласы;
2. Тұран Әбжанов, жас кәсіпкер. «Заңғар» сауда үйінің құрылтайшысы, қазақ тіліндегі бірінші бизнес-мектептің және «World-Class-Шымкент» әмбебап фитнес-клубының басшысы;
3. Азамат Әбілдаев «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры, Мәжілістің 5-шақырылым депутаты;
4. Қанат Әрбиев, «FOOD INVEST GROUP» ЖШС бас директоры;
5. Алмаз Бадашев «West Gas Oil РТЕ. LTD» ЖШС басшысы;
6. Ерлан Барлыбаев, Мәжілістің 6-шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясы басшысының орынбасары;
7. Дмитрий Васильев «СемАЗ» акционері, Қазақстан агроинновациялық корпорациясының құрылтайшысы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары;
8. Берік Дүйсембинов Мәжілістің 6-шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары;
9. Марал Елубаева, Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессоры, декан орынбасары;
10. Серік Ерубаев, «Атырау Констракшн Сервисез Лтд» ЖШС бас директоры;
11. Дания Еспаева, Мәжілістің 6-шақырылым депутаты, Қазақстан президенттігіне үміткер болған бірінші әйел, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі;
12. Рамазан Жампейісов, Нұр-Сұлтан қаласы, «Эко-Жер» экологиялық бастамалар қауымдастығының атқарушы директоры;
13. Айгүл Жұмабаева, «Ақ жол» демократиялық партиясы орталық кеңесінің хатшысы, парламенттік фракция аппаратының басшысы;
14. Сұлтан Хан Жүсіп, Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры;
15. Махаббат Жұтаев, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика саласындағы бірқатар ЖШС құрылтайшысы;
16. Қазыбек Иса, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті, ақын, публицист. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі;
17. Мәрияш Қабикенова, «Жетісу» кәсіби басқарушылар одағының төрағасы;
18. Меруерт Қазбекова, Мәжілістің 5 және 6-шақырылым депутаты, Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағының төрағасы;
19. Алмас Кенесары, Нұр-Сұлтан қаласы, «Өркендеу-холдинг» бас директоры;
20. Еркен Құттыбаев, «Кедентранссервис» АҚ атқарушы директоры;
21. Андрей Линник, Алматы қаласы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Аспара Мұнай» компаниясының акционері және басшысы;
22. Болат Момышев, Жамбыл облысы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің төрағасы, кәсіпкер;
23. Әйгерім Молдашева, «AirAstana» компаниясы Боинг 767 ұшқышы, АҚШ Оңтүстік Калифорния университетінің магистранты;
24. Екатерина Никитинская, Мәжілістің 5 және 6-шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары;
25. Бөріхан Нұрмұхамедов, «Гранд-Ханака» ЖШС бас директоры;
26. Талғат Омаров, «КАЗПОЛИГРАФ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы;
27. Ерлік Өмірғали, «Алуа-Строй» ЖШС құрылтайшысы және басшысы;
28. Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжілістің 5 және 6-шақырылым депутаты;
29. Әлия Рақышева, «Koles А» компаниялар тобының GR-директоры;
30. Мақсат Раманқұлов, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ақ жол» партиясы төрағасының кеңесшісі, «Мабекс Трэйд» ЖШС бас директоры;
31. Мәриям Рупатова, «ERG коммерциялық орталығының» сарапшысы;
32. Сағиятулла Сәрсенов, «Іле корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, Мәжілістің 5-шақырылым депутаты;
33. Фуат Сатыбаев, «Ақ жол» демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Мойылды санаторийі» АҚ бас директоры;
34. Азат Сембинов, жас кәсіпкер, «KBT-group» IT-компаниясының құрылтайшысы және басшысы. 2019 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы;
35. Ғазиза Тәжібаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар қанатының жетекшісі;
36. Ғани Хамзин, 26 жаста, жас кәсіпкер, «Стройинтеграция» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры;
37. Шыңғыс Шашкин, нейрохирург, «Шашкин-клиник» құрылтайшысы және директоры. 2018 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы;
38. Яна Шойбекова, Алматы қаласы, «BILLBOARD-VIDEO» компаниясының бас директоры.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Азат Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында Қазақ Республикасы атауын қайтаруды ұсынып, мемлекетті парламенттік басқару жүйесіне көшу қажеттігін айтты.