Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов Үкімет кулуарында Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің митингіне қатысты пікір білдірді.
Олар өнім өндірді. Енді шығарылған өнім үшін өтемақы алуды көздейді. Бұл шығындар келер жылдың бюджетінен қайтарылады. Екі ай қалды, қаңтарда ақшаны аламыз. 2020 жылы төлейтін қарыз бойынша айырманы бюджетті нақтылау кезінде ескереміз, - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Құрмановтың сөзінше елдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге деген қарызы 36,8 млрд теңгені құрайды. Ақтөбе облысына қарыз – 4 млрд теңге. Оңтүстік өңірлерде сома бұдан да көп.
Қаражат адам санына қарай есептелді. Келесі үш жыл ішінде есептеу жүйесін өзгертеміз, аймақтың ЖӨӨ-ін негізге аламыз және осы мәселелерді ескереміз. Жоспарға қарағанда неғұрлым көп өнім өндіріледі, бұл жыл сайын болатын практика. Бірақ бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан қарыз келесі жылдарға ауысады, - деді ол.
5 қарашада Ақтөбе облысындағы фермерлер митингке шыққан болатын. Фермерлердің наразылығына үш жыл бойы біржақты әрекет етіп отырған Ресейдің шекаралас аймақтарынан мал әкелуге тыйым салу мен "Ырыс" және "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламаларына субсидия төлеудің кешіктірілуі себеп болып отыр.