Қазақстанда биыл айыппұлдар 5% өседі

2 Қаңтар 2019, 14:48
11195
Бөлісу:
Қазақстанда биыл айыппұлдар 5% өседі

Алматы, baq.kz. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 120 теңгеге өсті, яғни 2405-тен 2525 теңгеге. Сәйкесінше автокөлік иелері төлейтін түрлі төлемдердің сомасы да өсті, деп жазды kolesa.kz.

Мәселен, жылдамдықты 10-нан 20 км\сағ асырғандағы 5 АЕК айыппұл 12 025 теңгені құрайтын, 1 қаңтардан бастап ол 12 625 тегеге өсті.
Көлігін тротуарға, газонға, балалар мен спорттық алаңға қойған ереже бұзушы 24 050 теңгенің орнына 25 250 теңге төлейді (10 АЕК). 
Сонымен қатар, көлік жүргізу куәлігінен айыратын кейбір заң баптары айыппұлмен өзгертілуі мүмкін. Әзірге әкімшілік кодекстегі түзетулерді депутаттардың қарауына жіберілген.
Жаңа жылдан бастап көлік салығы да өсті. Мәселен, жанармайды аз жұмсайтын көліктер 2018 жылы мемлекетке 2 АЕК – 4810 теңге төлесе, биыл 5050 теңге көлемінде салық төлейді.
Өзгелердің жаңалығы