Air Astana Үрімші мен Бейжіңнен жолдама алған турларды кері қайтарды

26 Қаңтар 2020, 17:35
2416
Бөлісу:
Air Astana Үрімші мен Бейжіңнен жолдама алған турларды кері қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның әуежайлары мен әуе компаниялары аса қатерлі инфекцияларға қарсы қажетті шаралар қолдануда.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. 
 

Қазіргі уақытта еліміздің әуежайларында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ел аумағында аса қатерлі инфекциялардың таралуына қарсы қажетті шаралар атқарылып жатыр. Жолаушылар арнаулы стационарлармен және қол тепловизорлармен тексерілуде. Әуежай қызметкерлері күн сайын мұндай жағдайда жасалатын іс-әрекет тәртібі мен қатерлі инфекция анықталған елдерден келетін жолаушылармен жұмыс істеуде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары өткізілуде, - деп жазды комитет Facebook-тегі парақшасында. 
 

29 қаңтарда командалық-штабтық оқу жаттығулар өткізу жоспарланған. Онда барлық мамандандырылған күштер, әуежай мен мемлекеттік органдардың күшін тарта отырып, қатерлі инфекциялардың елге таралуына қарсы әуе кемесіндегі барлық элементтер пысықталады. 

 

Бүгінгі таңда Қазақстан жағынан Air Astana және SCAT әуе компаниялары, Қытай жағынан Air China және China Southern Airlines әуе компаниялары жолаушылар тасымалдайды. Барлығы аптасына 34 рейс жасалады, оның ішінде 22 рейсті отандық, 12 рейсті қытайлық компаниялар атқарады. Air Astana әуе компаниясы 24 қаңтардан бастап Үрімші қаласына, 28 қаңтардан Бейжің қаласынан жолдама алған барлық турларды кері қайтарды. Қытайдан барлық әуе билеттері айыппұлсыз қайтарылады, - делінген хабарламада. 
 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жаңа коронавирусты анықтай алатын тест әзірленетіні мәлім болды. Қытайдан тарап жатқан коронавирусқа байланысты шекара арқылы өту пунктерінде санитариялық бақылау шаралары күшейтілді. Қытайда белгісіз вирустан 56 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, президент Қытайда тараған вирусқа қатысты Үкіметке тапсырма берген болатын. ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушыларға ҚР аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимі уақытша тоқтатылады.
 

 

 


 

Өзгелердің жаңалығы