Air Astana президенті отандастармызды Украинадан эвакуациялау қалай жүргізілгенін айтып берді

1 Наурыз 2022, 00:38
2213
Бөлісу:
Air Astana президенті отандастармызды Украинадан эвакуациялау қалай жүргізілгенін айтып берді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бірер сағат бұрын Украинадағы жерлестеріміз Польша арқылы Алматыға жеткізілді.

Эвакуацияланған азаматтарымыздың алғашқы легімен  Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер де келді. Ол ел азаматтарын жеткізу оңайға соқпағанын айтады.

Біз аман-есен жеткенімізге қуаныштымыз. Мен сәрсенбіде түнде, яғни 23 ақпанда Украинаға бардым. Таңғы алтыға бес минут қалғанда бомбамен атқылау басталды. Біз бірден елшілікке бардық. Ол жерде елші Дархан Қалетаевпен кездестік. Ары қарай азаматтарды эвакуациялау жоспарымен жұмыс істедік. Бұл өте қиын болды. Ол кезде дабыл қағылып, соғыс басталып кеткен еді, біз бәрі қалай басталғанын көрдік. Бұл уақытта азаматтардың басым көпшілігі елшілік ғимаратына жиналып үлгерген еді. Ары қарай ұзақ жол жүрдік, өйткені қауіпсіз жолды мұқият қарау керек болды. Жолға 18 сағат уақыт кетті. Шекарадағы жағдай мүлдем қиын. Мен бұған дейін мұндайды көрмегенмін, енді ондайды көрмеймін деп үміттенемін.  Ол жақта шекарадан өткісі келетін мыңдаған адам бар,-деді Фостер.

Air Astana президенті отандастармызды Украинадан эвакуациялау қалай жүргізілгенін айтып берді

Украинада үш жыл тұрып елге оралуға мәжбүр болған ерлі-зайыптылар таңертең бомбаның жарылған дауысынан шошып оянғандарын жеткізді.

Жасыл дәлізбен 19 шақырымдай жер жүрдік. Ол жерде украиналықтар көп болды, қариялар, әйелдер балаларымен колона бойымен жаяу жүріп отырдық. Біз Киевтен жолға шықтық. Шабуыл енді басталып жатқан кезде біз жолға шығып кеттік. Жағдай шиеленісіп тұрғандықтан оған психологиялық тұрғыда дайын болдық. Таңғы 5-те жарылыс дауысынан шошып ояндық. Бастапқыда бір рет жарылған соң тоқтайтын шығар деп ойладық. Жоқ, артынан сирена ойнап, дабыл қағылды. Біз ерте шығып кеттік, ол жақта көптеген достарымыз қалды. Біз Украинада 3 жылдай тұрдық,-дейді Украинадан келген отандастарымыз. 

Айта кетсек, 28 қаңтар сағат 22.35-те 175 жерлесіміз мінген «Эйр Астана» борты Алматы әуежайына келіп қонған еді, олардың ішінде алты бала бар.
 

Өзгелердің жаңалығы