Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямадамен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында тараптардың екіжақты ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.Өз кезегінде, елші Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және өзара тиімді қатынастарды нығайтуға ниет білдірді.