Аида Балаева жалпыхалықтық референдумда таңдауын жасады

6 Қазан 2024, 10:22
297
Бөлісу:
Аида Балаева жалпыхалықтық референдумда таңдауын жасады
Фото: Арман Мухатов

Ұлттық академиялық кітапханадағы №164 сайлау учаскесінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр мемлекеттің бүкіл қадамы бірінші кезекте еліміздің тұрақты дамуы және халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын айтады.

Аида Балаева жалпыхалықтық референдумда таңдауын жасады

АЭС-тың салыну мәселесі саяси мәселе емес болса да, бұл экономикалық тұрғыдағы мәселе. Бұл ертеңгі еліміздің дамуына бірден-бір ықпал ететін науқан. Осы мәселеде ең бастысы халқымыздың дауысы маңызды. Өйткені қоғамда әртүрлі пікірлер болғаннан кейін мемлекет осы референдумды жасауға қадам басты, - деді Балаева.

Балаева мұндай науқанға бейжай қарамау керегін айтады.

Аида Балаева жалпыхалықтық референдумда таңдауын жасады

Мен де осы елдің азаматы ретінде дауысымды бердім. Меніңше, ауыл тұрғындары болсын, қала тұрғындары болсын, жалпы азаматтар белсенді дауыс беріп жатыр. БАҚ-тан шет елдегі азаматтарымыздың да белсенділігін көріп жатырмыз. Үлкен ауылының адамдары да осы науқанға қатысып, белсенді дауыстарын беруде. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды, тағдыр кешті мәселе. Әр адам оған немқұрайлы қарамай, өзінің дауысын беруі керек, - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін дәл осы сайлау учаскесінде Сенат төрағасы Мәулер Әшімбаев таңдау жасаған еді.

Ал одан бұрын Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де келді. Ол референдумның халық арасында 400 күннен астам талқыланғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы