Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту жөніндегі тығыз және сенімді қарым-қатынастарын атап өтті.
Кездесу соңында Аида Балаева мен Алексей Бородавкин жастар саясаты, креативті индустрия саласын дамыту және басқа да маңызды бағыттардағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар айтты.