Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық қызметі белсенді түрде іске асуы тиіс.
Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева мәлім етті.
ҚХА жұмыс істейтін саланың күрделілігі баршамызға аян. Бұл Ресей-Украина шиеленісінен туындаған геосаяси қиындықтар аясында айқын көрінуде. Қазақстан әрқашан халықтар арасындағы бауырластықты қолдайды. Бұл - біздің ішкі саясатымыздың мызғымас тұғыры. Біз тәуелсіздік жылдарындағыдай бірлесіп күресуіміз керек тәуекелдер әрқашан бар және бола береді де. Ең қиын жағдайда Қазақстан этностары біртұтастығы мен бейбітшілік, келісім, ортақ үйіміздің гүлденуі жолында ауызбіршілік таныта білдік, - деді Аида Балаева ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар Аида Балаева Қазақстан халқы ықтимал сын-қатерлерге жария түрде қарсы тұруы қажет екенін айтты.
Бұл істе де архаикалық жұмыс тәсілінен арылып, бюрократиялық бағыттардан, көпсөзділіктен кету керек. Президент әр сөзінде тиімді әрекет ету басым бағыт болуы керектігін айтып, қоғамға ашық болудың үлгісін көрсетіп жүр, - деді Аида Балаева.