Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аида Әбікеева бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек 2025, 23:11
446
Бөлісу:
 Сали Сабиров / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Фото: Сали Сабиров / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

65 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан Әбікеева өзбекстандық қарсыласы Навбахор Хамидовамен күш сынасты. Алғашқы екі раунд өзбек боксшысының пайдасына шешілгенімен, шешуші үшінші раундта Аида жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті.

Осылайша, ол екі дүркін әлем чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды сыйлады. Қазіргі таңда ұлттық құрама есепінде төрт алтын медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы