Үкімет отырысынан соң Шығыс Қазақстанның әкімі Даниал Ахметов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Риддер қаласында 16 мектептің ішінде жалғыз қазақ мектебі бар. Онда оқушылар Совет кезінде «Пионерлер үйі» болған ескі ғимаратты паналап отыр.
«Шаңырақ» мектебіне 60 млн теңге жөндеу жұмысына бөлдік. Бірақ Риддердің мәселесі маған белгілі осы жылдың ішінде жоба 300 орындық орта мектептің құрылысы бітеді. Сонда келесі жылы жаңа мектепті бастаймыз. Ол тек қазақ мектебі болады, - деді Даниал Ахметов.
Әкімнің айтуынша, мектептің жөндеу жұмысына 60 млн теңге жеткілікті.
Осы жылы өз көзіммен көріп қайттым. 60 млн теңге толық жетеді, - деп жауап берді әкім.