АҚШ-тың агробизнес лидерлері Қазақстанға инвестиция салады

10 Желтоқсан 2019, 09:15
6909
Бөлісу:
АҚШ-тың агробизнес лидерлері Қазақстанға инвестиция салады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында американдық агробизнес өкілдерімен Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын және суару жүйелері өндірісін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. 

Маминнің АҚШ-тағы аса ірі ет өнімдерін өндіруші - Tyson Foods компаниясының басшылығы - президенті Н. Уайтпен және директорлар кеңесінің төрағасы Д. Тайсонмен келіссөзінің қорытындысы бойынша Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

3.JPG

Бұл құжат бірінші кезеңде ҚР-да қуаттылығы тәулігіне 2 мыңға жуық мал басын құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салуды қарастырады. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімді шетел нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді, осылайша, елдегі жылдық ауыл шаруашылығы кірісін $1 млрд-тан астамға қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. 

Tyson Foods - Қазақстанға ет өңдеуді дамытуға және фермерлік шаруашылықтардың мал басын арттыруға серпін беруі үшін қажетті тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі компания. Кәсіпорынды ашу ет индустриясының ғана емес, АӨК-тің басқа да шектес салаларын - ветеринарияны, аграрлық машина жасауды, мал азығы дақылдарын өсіруді, мал бордақылау алаңдарын ашуды т.б. дамуын ынталандыратын болады. Жоба Қазақстанның ауыл шаруашылығында ондаған мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, - деді Асқар Мамин. 
2.JPG

Анықтама: Tyson Foods 1935 жылы құрылған, компания айналымы $42,4 млрд құрайды, жұмыскерлер саны - 141 мың адам. 

Tyson Foods қазақстандық Kusto Group компаниясымен бірлескен жобаны жүзеге асырады. Өндірістік циклде қазақстандық фермерлерге "Экстеншн" американдық қызметінің үлгісі бойынша ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету қолдауы бар, онда кеңес беру, жергілікті жерлерде кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіптік-техникалық оқыту қарастырылған.

Үкімет басшысы Арканзас штатындағы Спрингдейл қаласына және Небраска штатындағы Дакота-Сити қаласына барып, Tyson Foods компаниясының өндірістік қуаттылықтарымен, технологиялық процесімен және ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты.

Омаха қаласында премьер-министр Небраска штатының губернаторы Д.П. Рикеттспен және суару жүйелері нарығындағы көшбасшы Valmont Industries компаниясының президенті С. Каниевскимен кездесті.

Тараптар механикаландырылған суару, телекоммуникациялар, жаңартылатын энергетика, инфрақұрылымдық құрылыс, сондай-ақ аграрлық ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Келіссөз қорытындысы бойынша Асқар Маминнің және П. Рикеттстің қатысуымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Kusto Group қазақстандық компаниясы және Valmont Industries арасында Қазақстан Республикасында тиімді суару және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті жақсарту қағидаттары туралы Келісімге қол қойылды.

4.JPG

Құжат Қазақстанда 2022 жылы қуаттылығы жылына 1 мың машина фронтальді және айналма суаруды құрайтын Valley ирригациялық жүйелерін өндіру зауытын салуды қарастырады. Американдық ирригация технологиялары өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығындағы су шығынын 50%-ға азайтуға мүмкіндік береді. 

Бұдан әрі Қазақстандағы кәсіпорын өндірісін телекоммуникацияларға, жаңартылатын энергия мен инфрақұрылымдық құрылысқа арналған жабдықтар шығаруға дейін кеңейту жоспарланған. ҚР-да өндірілетін өнім отандық нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарықтарға экспорттық әлеуетті дамытуға жол ашады.

Valmont Industries озық технологияларын пайдалану өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін жем-шөп базасын құруда мультипликативті әсер береді, - деді Асқар Мамин.

Премьер-министр Қазақстанның 2022 жылға қарай суармалы жерлер көлемін 1,4 млн га-дан 2 млн га-ға дейін, ал 2030 жылға қарай - 3 млн га-ға дейін арттыруды көздеп отырғанын атап өтті. 

Valmont Industries бас кеңсесін аралау кезінде Үкімет басшысы кәсіпорынның өндірістік қуаттылықтарымен және технологиялық процесімен танысты.

Өзгелердің жаңалығы