Аграрлық сала бойынша білім алуға 900-ден астам грант босқа бөлінді

4 Маусым 2021, 13:15
2352
Бөлісу:
Аграрлық сала бойынша білім алуға 900-ден астам грант босқа бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша V Республикалық кәсіпкерлер форумында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты. 

Оның айтунша, Энергетика министрлігі, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, фармацевтикалық бақылау, ішкі мемлекеттік аудит комиеттері және Алматы, Түрксітан облыстары әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасалды. Сегіз салаға антикоррупциялық мониторинг жасалды. Олардың қатарында жер қатынастары, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешенді, азық- түлік өнеркәсібін қолдау, экологиялық реттеу, кәсіпкерлерге субсидия беру, білім беру гранттарын бөлу, авторлық құқық салалары бар.

Мемлекетік гранттарды бөлу бойынша еңбек нарығындағы кадрға деген сұранысқа талдау жасалды. Талдау нәтижелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды. Көп сала бойынша айтарлықтай кереғар көрсеткіштер анықталды. Мысалы аграрлық сала бойынша мемелекеттік грантпен білім алған түлектердің тек 9,6 пайызы ғана мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. Демек 900-ден астам адамға бөлінген бюджеттік қаржы босқа кетті деген сөз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және Ғылым министрлігі мен жергілікті әкімдіктер осы мәселені назарға алып, ойланулары тиіс, - деді ол. 

Сонымен қатар ол мониторнгтік топ жұмысының нәтижесіне Түркістан облысында мемелкеттік сатып алудың геопорталы іске қосылатынын атап өтті. Оның аясында шілде айында жер учаскелерін аукцион арқылы сатып алудың бірыңғай мемлекеттік қызмет жүйесі енгізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы