Ағасының шөбін қасақана өртеп жіберген тұрғын ұсталды

29 Маусым 2021, 16:14
1982
Бөлісу:
Ағасының шөбін қасақана өртеп жіберген тұрғын ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ордабасы аудандық полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Ер азаматтың айтуынша күндізгі сағат 14:30 шамасында үй ауласында жинаулы тұрған шөбі өртеніп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 200 000 теңге.  

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Ауданның тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні анықтап, ПБ-ға жеткізді. Тергеу барысында күдікке ілінген ер азамат, жәбірленушінің інісі болып шықты.  Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта, - деп хабарлады ТО ПД-ның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай ағайынды екеу өзара шөпті бөлісе алмаған. Содан арада кикілжің туып, күдікті соның салдарынан шөпті өртеп жіберген. 



Өзгелердің жаңалығы