Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC туы астындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыз UFC on ESPN 10 турнирі аясында америкалық Ханна Сайферспен жұдырықтасты.
Бұл жекпе-жек әу баста бастапқы кардта өтеді деп жоспарланған, алайда кейін оны негізгі кардқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Ұйымдастырушылар мұндай шешім шығарғанына еш өкінбегені сөзсіз. Өйткені қос файтер тамаша өнер көрсетті. Әлемдегі атақты промоушен аясында алғаш рет жұдырықтасып жатқанына қарамастан, Агапова өзін оң қырынан көрсете білді. Ол кездесудің бар болғаны 2 минут 42 секундында қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.