Сенегалда TikTok-ты қолдануға тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің пікірінше, әлеуметтік медиа қосымшасы елдегі тұрақтылыққа қауіп төндіреді.
Айта кетерлігі, елдегі жағдай қазір тұрақсыз. Негізгі оппозициялық партия таратылып жіберді, ал оның жетекшісі қамауға алынды.
Президент Маки Салл осылайша билік үшін күреске кірісті. Елдегі дүрбелең Сенегалдың Батыс Африкадағы ең тұрақты демократиялы ел ретіндегі беделіне нұқсан келтірді.