Кеше Оңтүстік Африка Республикасында ең суық түн болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«МИР 24» телеарнасының мәліметінше, қар бірнеше сағат бойы жауған. Жергілікті тұрғындар табиғаттың тосынсыйына қуанғаны байқалады. Ал балалар болса, тіптен қар атысып ойнады.
Алайда ұзақ уақыт қар жауу салдарынан Йоханнесбург пен Претория қалаларында көктайғақ болды.
Әдетте қарды тек биік таулы жерде орналасқан аудандарда ғана көруге болатын. Бұл жолы қар қалаларға да жауған. Антарктидадан шыққан суық ауа массалары Оңтүстік Африка Республикасының барлық аумағынан жүріп өтеді деп болжануда.
Айта кетейік, өткен апта әлем бойынша ең ыстық апта ретінде тіркелді. Бұл туралы БҰҰ бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының мәлімдемесінде айтылған. Ұйым деректеріне сәйкес әлем бойынша 7 шілдеде орташа температура 17,24 градусты құраған. Бұл 2016 жылғы 16 тамызда тіркелген рекорд, яғни 16,94 градустан 0,3 градусқа жоғары.