Дүниежүзілік метеорология ұйымы Африка елдері су тапшылығының зардабын тартып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҰҰ жаңалықтар орталығы мұздықтар жоғалып, негізгі көлдердің ауқымы жоғалып бара жатқандықтан құрлық халқы үдере көшуі мүмкін екендігін айтып, дабыл қақты.
Климаттағы мұндай өзгерістер адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуға қауіп төндіреді. Ал су тапшылығымен Африкада 250 млн адам бетпе-бет келіп отыр. Мамандар жағдай осылай жалғаса беретін болса, 2030 жылға қарай 700 млн адам құрлықтан көшіп кетеді деп болжады. Себебі континенттегі бес мемлекеттің төртеуі су ресурстарын тұрақты басқаруды қамтамасыз етуі екіталай.