АЭС: Ядролық физика институтында 1800 маман дайындалады

16 Тамыз 2024, 13:00
694
Бөлісу:
АЭС: Ядролық физика институтында 1800 маман дайындалады
Фото: автордан

Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылауда білімді кадрлардың оқытылып жатқандығы айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мамандардың айтуынша, АЭС құрылысы бойынша халық арасында радиофобия бар.

Бүгінгі қоғамдық талқылау өте маңызды. Себебі АЭС құрылысы бойынша халық арасында радиофобия бар. Қоғамда адамдардың арасында “жарылып кетуі мүмкін, Балқаш тартылып қалады” дегендей қорқынышы бар. Осындай мәселенің барлығын ғалымдар мен тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары ескеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұның барлығы референдумға байланысты, ең бастысы халықтың шешімі болып отыр. Халық өзіне қажетті екенін түсініп, сосын дауыс береді, - ­  деді ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Медеу Әбішов.  

Студенттер алғашқы екі курста ядролық физика иниститутындағы зерттеу реакторында білім алады. 

АЭС: Ядролық физика институтында 1800 маман дайындалады

АЭС бойынша мамандар дайындалып жатыр. Жақында ғана университет қабырғасында “ядролық инженерия” деген мамандық ашылды. Ол жерге студенттерді қабылдап, дайындап жатырмыз. Олар 4 жыл оқиды, соның 2 жылында ядролық физика иниститутындағы зерттеу реакторында тәжірибеден өтеді. Ал зерттеу реакторына қойылатын талаптар энергетикалық реакторлар жұмыс істеуіне байланысты. Сол жерде маманданып жұмыс істейді, -­ деді Медеу Әбішов.  

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев ядролық физика институтында 1800 маман дайындалатынын, оның 400-і жоғары білімді маман екенін атап өтті.

АЭС: Ядролық физика институтында 1800 маман дайындалады

Неліктен осы 1400 кадр осында оқытылды? Бізде МАГАТЭ қолдауымен және АҚШ Энергетика министрлігінің қаржыландыруымен 2000, 2003 және 2017 жылдары ашылған 3 оқу орталығы бар. МАГАТЭ жылына кемінде бір рет өз іс-шараларын өткізеді. Биыл бізге МАГАТЭ сарапшылары келді. Олар кез келген электр станциясына алдын ала келісілген кесте бойынша немесе ескертусіз келе алады. 57 жыл ішінде бірде-бір оқиға болған жоқ. Оның үстіне бұрын институт салынып жатқанда, оның жанында 3 мың адам тұратын болса, қазір оның 17 мыңы 50 адамға детектор таратып бердік. Ай сайын сенсорлар алынып тасталады, ешқандай бұзушылықтар жоқ екені анық. Бүгінгі күнге дейін 1649 адам оқытылды. Олар Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде; Астанада, Еуразия ұлттық университетінде және Өскемендегі екі университетте білім алып шықты, - деді Саябек Сахиев.

Өзгелердің жаңалығы