АЭС салуға төрт жоба іріктелді ­– Тимур Жантикин

16 Тамыз 2024, 11:14
469
Бөлісу:
АЭС салуға төрт жоба іріктелді ­– Тимур Жантикин
Фото: автордан

Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылау өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Талқылау барысында экологиялық ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар АЭС құрылысының экологиялық салдарына қатысты пікірлерін білдірді.

"Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ Бас директоры Тимур Жантикин елімізде атом электр станциясын салуға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, ядролық генерацияның артықшылықтары түсіндірді.

Үкіметтің тапсырмасымен екі аймақ зерттелді, суретте көрсетілгендей, бұл Шығыс Қазақстанда, Курчатов қаласының маңы қазіргі Абай ауданында, ал екіншісі – Алматы облысындағы Үлкен ауылы. Екі аудан да атом электр станциясын орналастыруға қолайлы. Түрлі жобалар бойынша 13 ұсыныс түскен. Біз екі ұсынысты алып тастадық. Практикалық тәжірибесі бар және технология жағынан да, экономика жағынан да азды-көпті дәл параметрлері бар реакторларды таңдаймыз. Төрт жоба іріктелді, – деді Тимур Жантикин.

Бас директор елімізде энергияның жоқтығынан инвестициялық жобалар тартылмайтынын атап өтті.

­ АЭС құрылысына шамамен 8 мың адам тартылады. Айта кету керек, біз Түркияның Акуна қаласында болдық, онда 18 мың адам ауысымда болды. Ол жерде 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді, оның 20%-ы ғана ядролық ғалымдар, бірақ атом электр станциясы кәдімгі жылу станциясымен бірдей, тек көмір қазандығының орнына реактор орнатылған. Қазіргі уақытта инвестициялық жобалар энергияның жоқтығынан тартылмайды. Яғни, инвесторлар бар, ақша бар, бірақ энергия жоқ. Сондықтан болашақ ұрпағымызды энергия көзімен қамтамысыз етуіміз қажет, – деді "Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ Бас директоры.

Өзгелердің жаңалығы