АЭС салуды халық өзі шешеді – Мәулен Әшімбаев

27 Маусым 2024, 15:21
279
Бөлісу:
АЭС салуды халық өзі шешеді – Мәулен Әшімбаев
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Сенат кулуарында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде АЭС-тің салынуына қатысты өтетін референдумға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өзекті мәселе, біздің экономиканы дамытудағы үлкен олқылықтардың, проблемалардың бірі электр энергиясының жетіспеушілігі. Біз экономикамызды екі есеге ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар. Біраз өндірістерді ашуда үкімет жұмыс істеп жатыр. Осындай кезде бізге электр энергиясының бұдан да көбірек керек екені анық. Оның көздері болмаса үлкен мәселелерге алып келетіні сөзсіз. Сол себепті әрі қарай елімізде ЖИ дамыту үшін барлығы осынша энергияны қажет етеді. Оны тұрақты түрде шешудің бір жолы Қазақстанда АЭС салу. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев күзде референдум болатыны туралы айтты, - деді Мәулен Әшімбаев.

Осыған байланысты үкімет тиісті шараларды атқарады.

Шешімді халық таңдайтын болады. Керек пе, жоқ па? Шешім халықтың тарапынан жасалады. Жалпы, осы мәселеге қатысты тиісті ақпарат таратылып, осы бастаманың мән-жайы түсіндірілетіні анық. Референдумға орай түрлі әлеуметтік топтар, сарапшылар өздерінің пікірлерін айта жатар. Халық осы ақпаратты қорытып, шешім қабылдайды. Қазақстандықтар бұл референдумда өздерінің ұстанымын нақты көрсетеді деп сенеміз. Қазақстандықтар осы референдумда нақты, анық позициясын көрсетеді, - деді Сенат төрағасы.

Бұған дейін Президент АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтетінін айтты.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы