АЭС құрылысын Үлкен ауылының тұрғындары күтіп отыр ­- Бану Нұрғазиева

16 Тамыз 2024, 12:25
536
Бөлісу:
АЭС құрылысын Үлкен ауылының тұрғындары күтіп отыр ­- Бану Нұрғазиева
Фото: автордан

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева дамыған елдердегі АЭС құрылысына тоқталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бір-екі жыл бұрын біз атом электр станцияларын салу тақырыбын көтерген болатынбыз. Бұл тақырып елімізде көп жылдар бойы айтылып, талқыланып келеді, бірақ іс жүзінде ешнәрсе жасалмады. Былтыр Алматы облысындағы Үлкен ауылында болып қайттық. Жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдап, қоғамдық талқылауларға қатыстым. Бір айтарым, жергілікті халық АЭС құрылысын күтіп отыр, - деді Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

АЭС құрылысын Үлкен ауылының тұрғындары күтіп отыр ­- Бану Нұрғазиева

Ол энергия тапшылығы өндіріске кедергі болмауы керектігін атап өтті.

Жалпы, атом энергетикасы туралы айтатын болсақ, бұл жасыл технологиялар екенін бәріміз жақсы білеміз. Бүгінгі таңда әлемдегі ең дамыған елдер жасыл энергияны пайдаланады. АҚШ-ты алып қарасақ, АЭС саны бойынша әлемде бірінші орында тұр, онда 96 ядролық реактор бар. Екінші орындағы Францияның өзінде 56 ядролық реактор бар, көрші Еуропа елдері одан энергия сатып алады. Қоры бойынша екінші, уран өндіруден бірінші орын алатын біздің елімізде осы уранды пайдалана алмай отырмыз. Қытайдың 56 ядролық реакторы бар және олар 2-3 жылдың ішінде басқа елдерінен озып кетуді мақсат етіп қойды. Олар атом энергетикасы арқылы жасыл энергетиканы дамытса, екіншіден, экономиканы дамытатынын түсінеді. Энергия тапшылығы өндіріске кедергі болмауы керек, -­ деді Бану Нұрғазиева.

Өзгелердің жаңалығы