АЭС құрылысы Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді – министр

30 Қыркүйек 2024, 16:50
396
Бөлісу:
АЭС құрылысы Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді – министр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жүргізілген есептеулерге сәйкес, атом электр станциясының қажеттілігі үшін су тұтыну көлемі Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстанның су секторын дамыту жөнінде әріптестердің Үйлестіру кеңесінің отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Салқындату үшін бір су бірнеше мәрте пайдаланылады. Сонымен қатар, пайдаланылған су басқа су нысандарына жіберілмейді. Біздің министрлік көл деңгейі мен атом электр станциясының су тұтыну көлемін тұрақты мониторингін жүргізетін болады. Оның ішінде су ресурстары ақпараттық-талдау орталығында деректерді жинау және есепке алу құралдарын енгізу арқылы да есеп жүргізетін болады, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл қалыпты деңгейді ұстап тұру үшін жеткілікті көлем болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы