АЭС-ке бөліген қаражаттың 40 пайызы қауіпсіздікке жұмсалады – депутат

25 Қыркүйек 2024, 10:48
1008
Бөлісу:
АЭС-ке бөліген қаражаттың 40 пайызы қауіпсіздікке жұмсалады – депутат
Фото: ЖИ

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков елімізде АЭС құрылысы салынса, оның қауіпсіздігін кімдер бақылайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңдағы ең негізгі тақырып - "АЭС керек пе, керек емес пе" деген сұрақ. Кадр даярлау мәселесіне келсек, еліміздің біраз университеттері атом энергетика саласы бойынша білім беріп жатыр. Одан бөлек, республикада 23 шетелдік университеттің филиалы бар. Бұл бағыттан "Болашақ" бағдарламасы да тыс қалмайды. Шетелге оқып келген маманның біліктігі біз үшін әркез маңызды. Ал, лаборатория бізде Маңғышылақта бар, Алматыда тұрған атом қондығысы әдістемелік ретінде қолданылып жатыр. Міне, осылайша кадр мәселесі шешімін таппақ, - деді Серіков.

Депуттаттың сөзінше, АЭС салынса, оны халықаралық деңгейде МАГАТЭ ұйымы бақылайды. Ұйым АЭС-тің қауіпсіздік талаптарына сай немесе сай емесін тексереді.

Бәрі бір іспеттес механизм ретінде жұмыс істейді. "АЭС салынады" деген шешім қабылданған күні әрі қарай оның экологиялық, қауіпсіздік және кадр мәселелері жіті қаралады. Мәселен, АЭС-ке бөлінетін қаржының 40 пайызы қауіпсіздікке жұмсалады. Халықаралық ұйымнан бөлек, еліміздегі құзырлы органдар да бақылайтын болады. Біржағынан қауіпсіздік мәселесі Қазақстанға ғана маңызды емес, көршілес елдерге де маңызды, - деді мәжілісмен.

Сонымен қатар Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов заманауи АЭС технологияларының экологияға әсері жоқ екенін айтады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі атом электр станцияларын салу мәселесін тек атом электр станцияларында реакторлардың заманауи технологияларын қолдана отырып қолдайды бұл радиоактивті қалдықтардың пайда болуының төмен көрсеткіштерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда заманауи реакторлармен жабдықталған станциялар жоғары экологиялық таза екенін атап өткім келеді. Жасыл энергетика ұғымы дәстүрлі түрде күн, жел және геотермалдық энергия сияқты көздерді қамтиды. Мұндай таза көздерге Атом энергиясы да кіреді, себебі Атом станциялары парниктік газдар шығарындыларынсыз электр энергиясын өндіреді, бұл оларды дәстүрлі көмірсутек көздерімен салыстырғанда экологиялық таза етеді. Атом энергиясы тұрақты энергия көзі ретінде Тұрақты энергетикалық жүйеге көшудің негізі екенін айтамыз, - деді Ерболат Селбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы