Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум комиссиясының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін таңертең аумақтық референдум комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электрондық көшірмелерін ұсынды. Облыстық Астана, Алматы және Шымкент қалаларының комиссияларынан алынған жедел деректердің негізінде орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала қорытындыларын шығарды, - деді Әбдіров ОСК-да өткен брифингте.
Фото: скрин/ Орталық референдум комиссиясынан
Оның мәліметінше, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы жалпы азаматтарының саны – 12 284 487 адам.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 820 204 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың 63,66 пайызы қатысты. Қазақстанда АЭС салуға қатысты қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің бүкіл өңірлерде қатысқандардың 71,12 пайызына жетеді. Ал қарсы дауыс берген азаматтардың саны бүкіл өңірде 2 045 271 адам. Ал есепке алынбаған бюллетеньдер саны – 82 мың 724. Сондай-ақ жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 130 267, - деді Нұрлан Әбдіров.