Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеген еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бюллетеньнің мәтіні туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде дауыс беруге арналған бюллетень нысаны мен мәтінінің жобасы дайындалды. Шығарылған сұрақтың тұжырымдамасы: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?". Жауап нұсқалары: "Иә, келісемін", "Жоқ, келіспеймін", - деді брифингте Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.
Айта кетейік, АЭС салу бойынша референдум өткізуге 15,5 млрд теңге қажет екені айтылған болатын.