Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігі «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады.
Осылайша, заң жобасы бойынша 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (қазіргі уақытта - 19 450 теңге);
ең төменгі зейнетақы мөлшері-48 032 теңге (қазіргі уақытта - 46 302 теңге);
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге (қазіргі уақытта - 3 063 теңге);
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 37 389 теңгеге (36 018 теңге) ұлғайтуды көздеп отыр.
Құжатпен «Ашық НҚА» сайтында танысуға болады. Заң жобасын ресми талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.