Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Адвокат Жанабыловтың әйеліне қандай айып тағылғанын айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
15 Қыркүйек 2025, 11:28
695
Бөлісу:
 автордан
VIDEO
Фото: автордан

Бүгін Астанада Жанабыловтар ісі бойынша сот процестері өтіп жатыр. Адвокат Олег Черновтың айтуынша, түске дейін Ерболат Жанабыловтың жұбайы Эльмираға қатысты іс қаралса, түстен кейін Ерболаттың ісі талқыланбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эльмираға тағылған айыптар бұрынғы жарияланған деректерге ұқсас – заңсыз лотерея қызметіне қатысы бар деген күдік. Оның ісін басқа судья қарайды, ал Ерболатқа қатысты процеске алдыңғы судья қатысады. Бұған дейін судьяға қарсы қарсылық білдіргім келген, бірақ толықтай мәлімдеуге мүмкіндік берілмеді, – деді адвокат.

Оның сөзінше, қорғау тарабы сотта айыпталушылардың кінәсіздігін дәлелдеумен шектелмейді.

Әкімшілік іс жүргізу заңына сәйкес, азамат өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Бұл жерде басты жауапкершілік мемлекеттік органға жүктеледі. Олар айыпталушылардың кінәсін нақты дәлелдермен көрсетуге тиіс, – деп атап өтті Чернов.

Адвокаттың айтуынша, бүгінгі процесте екі түрлі хаттама қаралады.

Ерболатқа қатысты сипаттамалар бір бөлек, ал Эльмираға қатысты деректер басқаша. Демек, тергеу барысында кейбір тұстар түзетілген сияқты. Мұны сот процесінде көруге болады, – деді ол.

Бұған дейін Ерболат Жанабыловтың әйеліне қатысты сот отырысы басталғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы