Үкімет кулуарында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев әуе билеттерінің неге қымбат екенін түсіндірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Оның түсіндіруінше, билет құнын мемлекет белгілемейді. Халықаралық тәжірибеге сай билет бағасы сұранысқа байланысты қойылады.
Бүкіл әлемде қолданылатын тәжірибеге сай, сұраныс өскен уақытта баға да өседі. Мәселен, демалыс күндері билет құны қымбаттаса, аптаның ортасында, жұмыс күндері арзанырақ болады. Қонақүйлер бағасы да дәл солай. Біздің пікіріміз бойынша бағаны төмендету үшін бәсекені арттыру керек. Қазіргі баға әділетті деп санаймыз. Өйткені оны мемлекет емес, нарық белгілеп отыр, – деп жауап берді Ластаев БАҚ өкілдерінің сұрағына.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтық авиация саласында жоғары білікті кадрлар тапшы екенін айтты.