Әділет министрлігі Конституциялық сот қашан құрылатынын айтты

9 Маусым 2022, 15:47
1812
Бөлісу:
Әділет министрлігі Конституциялық сот қашан құрылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. 

Ертең біз Конституциялық сот туралы Конституциялық заңның тұжырымдамасын ведомствоаралық комиссияның талқылауына шығарамыз. Егер аталған комиссия мақұлдаса,  келесі кезең – тиісті заң жобасының пакетін дайындауға кірісеміз, - деп атап өтті вице-министр. 

Вице-министр  пакетті дайындау мәселесін былай түсіндірді. 

Пакетін дайындау деген нені білдіреді? Бүкіл сараптамалардан өтуіміз керек. Ол ғылыми, экономикалық сараптама, бюджеттік комиссияға шығару рәсімі сынды бірнеше сатылардан тұрады. Өйткені Конституциялық сотты құру – аппараттың үлкеюін білдіреді. Екі жаңа судья болады. Олардың барлығы тиісті қаражат есептелуі тиіс. Сонымен қатар концептуалдық бүкіл нормалар ашық нормативтік құқықтық актілерге шығарылып, талқыланады. Бас прокурор мен адам құқықтары туралы өкілдің жүгіну процестерін жазып,   биыл тамыз айының аяғына дейін Мәжіліске енгізу жоспарланып отыр, - деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол  Конституциялық соттың нақты құрылу уақытына тоқталды. 

Заңды қарастыруға да уақыт керек. Биыл жылдың соңында немесе келесі жылдың бірінші жартыжылдығында құрылады деп ойлаймыз, - деді Алма Мұқанова.  

Өзгелердің жаңалығы