"Әдеп сақтап, құрмет көрсетіңіз". Алматыдағы хайуанаттар бағы келушілерге үндеу жасады

3 Маусым 2023, 14:25
1120
Бөлісу:
"Әдеп сақтап, құрмет көрсетіңіз". Алматыдағы хайуанаттар бағы келушілерге үндеу жасады
PHOTO
Фото: автордан

Маусым айы басталғалы хайуанаттар бағының көркі қыза бастады. Келушілердің қатары көбейіп, жан-жануарларды қызықтауға асығатындардың саны артқан. Осы ретте хайуанаттар бағының жұмысымен танысып қайттық, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Хайуанаттар бағының негізін аңшы, өз саласының білгірі Мырзахан Төлебаев қалаған. Алғашқы жылдары 1937 жылы зообақта 70 түрлі жануар тіркелсе, 1986 жылдың ішінде олардың түрі 365-ке, ал саны 4000-нан астам жануарға жеткен.

"Әдеп сақтап, құрмет көрсетіңіз". Алматыдағы хайуанаттар бағы келушілерге үндеу жасады

Хайуанаттар бағында 235-тен астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 120-130-ы жануарларға қызмет көрсетеді. Тамағын беріп, жағдайын жасайды. Биыл біраз жан-жануарларды хайуанаттар бағына алдырдық. Күні кеше ақ аю алып келдік, зебера Греви, шимпанзе, Амур жолбарысының ұрғашысын алдырдық. Күн шыға жануарлар терезеге телміре қараумен болады. Мысалы, гиббон торына сыймай секіріп, жылы ауа райына ерекше қуанады. – деді Алматы хайуанаттар бағының даму жетекшісі Ақжами Рахимова.

"Әдеп сақтап, құрмет көрсетіңіз". Алматыдағы хайуанаттар бағы келушілерге үндеу жасады

Күн сайын хайуанаттар бағын 10–15 арнайы қызметкер тазалайды. Тазалау жұмыстары таңертең 8.00-де қоршауды ретке келтіруден басталады – ішетін ыдыстары жуылады, қоршаулар тазаланады, сыпырылады. Ветеринарлар барлық секция бойынша жануарларды аралайды. Әр ветеринар өзіне қарасты жануарды жақсы біледі.

"Әдеп сақтап, құрмет көрсетіңіз". Алматыдағы хайуанаттар бағы келушілерге үндеу жасады

Келушілердің көпшілігі түсте, түстен кейін келіп жатады. Ол кезде жануарлар күннен, адамдардың терезелерді тақылдатуынан шаршап, ұяларына кіріп кетеді. Осы ретте, айтарым, сіздер жануарлардың үйіне келдіңіздер, әдеп сақтап, оған құрмет көрсетіңіз. Кейде балалардың айқайлап, терезені тақылдатып, жануарларға тыным бермейтінін көреміз. Олар да тіршілік иесі, тыныштық пен жайлылықты қалайды. Жануарлар да ауа райына байланысты көңіл күйлері өзгеріп тұрады. Жаңбырлы күнде сіркелері су көтермей, ұйқышыл келеді. Ал жылы күндері көңілдері де көтеріңкі болады, – деді Алматы хайуанаттар бағының даму жетекшісі. 

"Әдеп сақтап, құрмет көрсетіңіз". Алматыдағы хайуанаттар бағы келушілерге үндеу жасады

Жаңа павильонның эскизі жануардың осы түрін сақтауда сәтті нәтиже көрсеткен басқа хайуанаттар бағының мамандарымен келісе отырып жасалады.

Жануарларға арналған вольерлер мен қыстақтар жануарларды ұстаудың халықаралық стандарттарына сәйкес келуі керек. Содан кейін ғана ЖСҚ дайындалып, қаржы бөлінеді. Барлық жұмыс құпталғаннан кейін құрылыс басталады, – дейді Ақжами Рахимова.

"Әдеп сақтап, құрмет көрсетіңіз". Алматыдағы хайуанаттар бағы келушілерге үндеу жасады

Сөз арасында қызыметкер, адамдардың жауапсыздығынан, біраз жануарлардың жапа шегіп, хайуанаттар бағына тапсырылатынын атап өтті. 

Бізге көбінесе жараланған, жетім қалған, әлсіреген жыртқыш құстарды, бірқазан, дала тасбақаларын, кейде қасқыр, түлкілерді әкеледі. Адамдар тасбақаларды үйлеріне ойыншық ретінде алып, мезі болғанда бізге тапсыра салады. Дегенмен, мені мейірімді, қамқор адамдар да жиі қуантады. Олар енді өздігімен табиғатта өмір сүре алмайтын жануарларды әкеледі. Бірақ артық қыламын деп, тыртық қылатындар да бар. Мысалы, көктем мен жаздың басында бізге кішкентай үкілер жиі түседі. Олар қаланың шетінде, саябақтарда тұрады. Балапандар өсіп келе жатқанда, ата-аналары оларды ұшуға үйретеді. Ұядан ұшқан балапандар ағаш бұтақтарына отырады. Міне, осы жерде білместіктен адамдар оларды қараусыз қалған немесе жоғалып кеткен деп ойлап, алып келеді. Бұл мезгілде құстарға тиіспеулеріңізді сұраймыз. Олар ағаштарда бір-бірден отырады немесе бұтақтардан бұтаққа секіреді. Бұл - қалыпты жағдай. Олардың ата-аналары жақын жерде және оларға қамқорлық жасайды! Осылайша балапандар өз бетінше өмір сүруді үйренеді, – деп атап өтті Ақжами Рахимова.

"Әдеп сақтап, құрмет көрсетіңіз". Алматыдағы хайуанаттар бағы келушілерге үндеу жасады

Хайуанаттар бағының қызметкерлері экзотикалық әрі жыртқыш аңдарды үйде ұстауға саналы түрде жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы