Адамжегіш акула туристердің көзінше итбалықты жалмады

12 Қыркүйек 2019, 10:41
3078
Бөлісу:
Адамжегіш акула туристердің көзінше итбалықты жалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың Нью-Брансуик провинциясында жалмауыз-акула ретінде белгілі үлкен ақ акула туристердің көзінше итбалыққа шабуыл жасады. Бұл туралы The Mirror басылымы жазды.

Видеороликті кемемен алып киттерді тамашалауға шыққан туристер түсіріп алды. Кадрларда акуланың қанаты су бетінен зырылдап өтіп бара жатқаны көрінеді. Жыртқыш балық кемеден бірнеше метр қашықтықта жүзіп жүрген өзінен әлдеқайда әлсіз итбалыққа шабуылдайды. «Қанды шайқастан» кейін судың беті қанға боялады.

Кадрларда қорыққандарынан айғайлап жатқан туристердің дауысы естіледі.

Кеме экипаж мүшелерінің бірінің айтуынша, ол 6 аптаның ішінде акулалардың итбалықтарға шабуыл жасағанын үшінші рет көріп тұр.

Үлкен ақ акула – әлемдегі ең ірі жыртқыш балықтардың бірі. Орта есеппен аталмыш акулалардың ұзындығы 4,6-4,8 метрге дейін барады.

Ұзындығы 6 метрге жететін ақ акулалар сирек кездеседі. Олар адам үшін ең қауіпті акула саналады.

 

Өзгелердің жаңалығы