Адамды өлтіріп, көлікпен бірге өртеп жіберген

2 Сәуір 2025, 00:05
4053
Бөлісу:
Адамды өлтіріп, көлікпен бірге өртеп жіберген
Фото: Телеграмм: Письма президенту

Қайғылы оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында “Home Club” демалыс аймағында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өртеніп кеткен көліктің ішінен мәйіт қалдықтары табылған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Полицейлер кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел іздестіру шаралары барысында 43 жастағы күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайларын объективті түрде анықталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысының полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы