Адамдарды жазалау жаңа полицияның бөлігі болмауы керек – Еуропалық одақ

20 Мамыр 2022, 10:48
1388
Бөлісу:
Адамдарды жазалау жаңа полицияның бөлігі болмауы керек – Еуропалық одақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілі Кестутис Янкаускас «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форумы барысында айтты.

Біз қазіргі заманғы қоғамды құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Еуропалық одақтағы құндылықтардың бірі- құқықтың үстемдігі. Бүгінде қазақстандық полиция мен құқықтық жүйе күштік модельден сервистік модельге өту бойынша жұмыс істеп жатыр. Біз адам ретінде қандай да бір жағдай болғанда бірден полицияға хабарласу туралы ойлаймыз. Полиция көмектеседі деп ойлаймыз. Бұл-сенім. Сенімге ие болу уақытты талап етеді, - деді Янкаускас.

Ол атағандай, басымдықтарды бөліп алу кезінде не істеу керегін ғана емес, не істемеу керегін басшылыққа алу керек.

Қаңтар оқиғасы кезінде сияқты адамдарды жазалау жаңа полицияның, жаңа Қазақстанның бөлігі болмауы керек, - деді ол.

Айта кетейік, форумды  ІІМ БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы