Әскери ұшқыштар тасқын судан 300-дей адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтөбе облысында Берсиев ауылы су астында қалып, адамдарды қайықпен құтқару мүмкін болмай, тұрғындар эвакуацияланған.
Қоржын ауылын түгел су басып кеткендіктен, ұшақ қонатын жер болмады. Су бетіне қалқып тұрып, арнайы құрылғымен адамдарды көтеруге тура келді. Ауылдың шетіндегі арнайы алаңдарға қонып, құтқару операциясын жасадық, - деді әуе кемесін тізгіндеген майор Сырым Ыбырев.
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.