Адамдарды күнделікті болып жатқан қарапайым мәселелер алаңдатады - Үкімет басшысы

9 Тамыз 2022, 11:33
1083
Бөлісу:
Адамдарды күнделікті болып жатқан қарапайым мәселелер алаңдатады - Үкімет басшысы

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықпен кездесуден соң барлық деңгейдегі әкімдер проблемалық мәселелерді жүйелейді, ал оларды қаржыландыру мүмкіндіктері мәслихат сессияларында қаралады. Сонымен қатар кейбір өңірлерде кездесудің жаңа форматына бейімделмей, ескі сүрлеуден шыға алмай отырғандар да бар. Кездесулерге еркін кіру принципі сақталуы керек. Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципінің маңыздылығын атап көрсетті. Біз халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін де тыңдай білуіміз керек, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Айтуынша, адамдарды күнделікті болып жатқан қарапайым мәселелер алаңдатады.

Тек осындай кездесулердің қорытындысы бойынша ғана халықтың тарапынан 30 мыңға жуық мәселе мен ұсыныс көтерілді. Бұлардың бірде-біреуі қараусыз қалмауы тиіс. Адамдар өздері көтерген мәселелердің нақты шешімін тауып жатқанын көруі керек. Осыған байланысты, биылғы жылдың соңына дейін орталық және жергілікті органдар халықпен жоспарланған барлық кездесулерді бекітілген формат пен кестеге сәйкес өткізуді жалғастыруы қажет, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы