Пара алып, адамдарды блок-бекеттен өткізіп жүрген әкімшіліктің жетекші мамандары ұсталды

14 Мамыр 2020, 14:57
2141
Бөлісу:
Пара алып, адамдарды блок-бекеттен өткізіп жүрген әкімшіліктің жетекші мамандары ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде блок-бекеттен адамдарды заңсыз өткізіп жүрген Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері қолға түсті. Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу аудандық соты хабарлады.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 13-14 мамырда Жетісу аудандық әкімшілігінің жетекші мамандары С. Оразаов пен К. Аденовке қатысты шешім шығарды.

Екеуі де кінәсін мойындады. Заң талабына сәйкес, 4 077 500 теңге – 13 300 000 теңге айыппұл төлейтін болды.

Соттың шешімімен енді екеуіне де мемлекеттік қызмет атқаруға қатаң тыйым салынды.

Сондай-ақ пара алуға делдалдық жасаған күдікті  В.И. Ужурдың заңсыз әрекеті әшкере болды. Оған заңға сәйкес, 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тұрғындарға Алматы қаласына кіріп-шығуға қатысты карантин талаптарын сақтамағандар қатаң жазаланатыны бұған дейін де бірнеше рет ескертілген.

Өзгелердің жаңалығы