Адам саудасы: 70-ке жуық қылмыс жасалған

27 Қыркүйек 2021, 11:23
3955
Бөлісу:
Адам саудасы: 70-ке жуық қылмыс жасалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.

«STOP трафик» жедел алдын алу шарасының қорытындысы бойынша адам саудасына қатысты 70-тен астам қылмыс әшкереленді. Оның ішінде бас бостандығынан айыру бойынша бір дерек, адам саудасы бойынша 3 дерек, кәмелетке толмағандардың саудасы бойынша 7 дерек, жезөкшелікке тарту бойынша 16 дерек тіркелді, - деді ол.

Нұрмағамбетов атап өткендей, жезөкшелік пен жеңгетайлық үшін орын ұсыну бойынша 22 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Сондай-ақ қоғамдық жерде тиісу бойынша 400-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Мәселен, БҚО-да тамыз айында 28-дегі әйел келісім арқылы жаңа туған нәрестесін ерлі-зайыптыларға берген. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы