Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесте жұмысын жалғастырады

27 Ақпан 2019, 13:31
2103
Бөлісу:
Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесте жұмысын жалғастырады

Астана, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Женевадағы БҰҰ Жоғары деңгейлі Сегменті шеңберіндегі жұмысын жалғастырды.

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Майкл Мёллермен кездесу барысында қазақстандық дипломат жаһандық ұйымның мақсаттарын қолдауды және өзгермейтін айнымастықты растады: Қазақстан Ливандағы бітімгершілік күштер құрамына әскери қызметкерлерді жіберді, Астана 2018 жылдың қазан айында денсаулық сақтау бойынша дүниежүзілік конференциясын және Діни көшбасшылар Съезін қабылдады, Алматы қаласында БҰҰ Хабының құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Біздің ел БҰҰ күнтізбесіндегі қарусыздандыру мәселесіне, соның ішінде ядролық қарусыздандыру, биологиялық қауіпсіздік және қарапайым қарулануды қысқарту мәселелеріне едәуір үлес қосады. БҰҰ жоғары лауазымды өкілі Ұйым идеалдарын белсенді ілгері бастырғандығы, аймақтық деңгейде тұрақты дамыту мақсаттарын іске асырғандығы үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведомен болған кездесуде 2020 жылғы маусымда Астана қаласында жоспарланған ДСҰ 12-ші Министрлік конференциясын дайындау мәселелері талқыланды. Е.Ашықбаев Қазақстанның халықаралық сауда жүйесін нығайтудың жақтаушысы болып табылып, ДСҰ жаңа мүшелеріне қатысты тең шарттармен және ДСҰ барлық мүшелері үшін адал бәсеке ортасын қамтамасыз етуге ниеттес екендігін ескерді. Р. Азеведо Қазақстанның ДСҰ құрамына мүше болуымен елдің сауда потенциалын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігіне, сонымен бірге Орталық Азия аймағын жаһандық саудаға интеграциялауға көмектесетіндігіне сенімін білдірді.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Фрэнсис Гарримен кездесу барысында, ДЗМҰ тарапынан техникалық жәрдемдесу бойынша жобаларға ерекше назар аударылды. Соның ішінде, ДЗМҰ авторлық құқықтарды коллективтік басқаруды дамытуға көмектеседі, зияткерлік меншікті құқықтық әкімшілік ету бойынша бөлімшені құруды ұсынды, ДЗМҰ Хатшылық пен мемлекет-мүшелердің сот органдарымен өзара әрекеттесу бағдарламаларын үйлестіреді. Бұдан басқа, тараптар Қазақстанды Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі Халықаралық одаққа қосуы бойынша келіссөз процесі талқыланды. Ф.Гарри Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдер аймақтық тобының координаторы міндетін атқарғандығы үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Аға комиссары Филиппо Грандимен кездесу барысында тараптар босқындар туралы Жаһандық келісім перспективаларын, ізгілік дағдарыстарға ықпал етуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның белсенді рөлін талқылап, сондай-ақ Алматыда БҰҰ-ның аймақтық Хабын құруда Босқындар ісі жөніндегі Басқармасының қатысу маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы