Адам денсаулығын қалай күткені дұрыс

12 Шілде 2024, 17:03
650
Бөлісу:
Адам денсаулығын қалай күткені дұрыс
Фото: BAQ.KZ - архив

Германиядағы Аахен университет клиникасының гастроэнтеролог-гепатологы, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының профессоры және консультанты, GHTG.kz вице-президенті Қахарман Есмембетов адам денсаулығына қалай көңіл бөлгені дұрыс екенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарапайым адамның өз денсаулығына байланысты қолынан көп нәрсе келеді. Бірінші кезекте өзінің дұрыс, яғни қалыпты салмағын сақтауға тырысуы керек. Екіншіден, спортпен шұғылдануы керек. Үшіншіден, дұрыс тамақтанып, шала-пұла дайындалған тамақтардан аулақ болғаны абзал. Мысалы құрамында витаминдері бар, көкөністері көп тағамдарды тұтынған дұрыс, - деді дәрігер.

Қахарман Есмембетов атап өткендей, денсаулықты дұрыс күту үшін әлемде де осындай ұсыныстар айтылады.

Дұрыс тамақтануға арналған диеталар бар. Мысалы Еуропада көбіне “Жерорта теңізі” диетасын ұстау ұсынылады. Оның ішінде балық, көкөніс көп, зәйтүн майы және ірімшік, ет аз болады. Яғни қызыл ет аз болады, көбіне құс және балық еттері тұтынылады. Егер тағамда қызыл ет көп болса, онда холестериннің көп жиналуына және болашақта қан-тамыры және жүрек ауруларына алып келуі мүмкін, - деп түсіндірді гастроэнтеролог-гепатолог.

Дәрігердің айтуынша, ағзаға қызыл еттің орнына құс және балық еттерінің пайдасы мол.

Өзгелердің жаңалығы