Адам атадан бастап Мұхаммедке дейін: 25 пайғамбардың шежіресі

14 Маусым 2024, 12:27
7752
Бөлісу:
Адам атадан бастап Мұхаммедке дейін:  25 пайғамбардың шежіресі
PHOTO
Фото: автордан

Көрмеге құнды қолжазба – бұрама қағаз түрінде жасалған пайғамбарлар шежіресі қойылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құнды жәдігерде Адам атадан бастап Мұхаммедті қоса алғанда 25 пайғамбар әулетінің, төрт әділ халифаның және орта ғасырдағы сопылық ағымның ұстазы Жәлаладдин Румидің шежіресі қамтылған.

Көрме Мемлекеттік орталық музейінде Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылған.

Адам атадан бастап Мұхаммедке дейін:  25 пайғамбардың шежіресі

Мұражайда 300-ге жуық діни мазмұнды басылымдар мен қолжазбалар бар. Оларды тарихи хронологияға бөлсек, ең көнелері 1643 жылы, 1688 жылы жазылған Құран кәрімдер. Тақырыптарға бөлсек, құран кітаптар 40-қа жуық, мұхаммадиялар және мұхтасар кітаптар, діни мазмұнды әртүрлі литографиялық баспа кітаптар бар. Олардың көпшілігі Қазан, Орынбор, Ташкенттен шығарылған. Көрермендер назарына алғаш рет ұсынылып отырған бірегей құнды қолжазба – бұрама қағаз түрінде жасалған пайғамбарлар шежіресінің ұзындығы 4 м, 45 см, ені 25 см. Сондай-ақ көрмеде орама қағаз түрінде жасалған ерекше қолжазба Құран нұсқасымен ұзындығы 9 м, 50 см, ені 2,5 см құрайды. Құранда 114 сүре мәтіні өте ұсақ әріптермен бөлек-бөлек жазылған және Алла Тағаланың  төрт көркем есімі берілген. Бұдан бөлек діни кітаптар ұсынылып отыр. Бұл дүниелерді ҰҚҚ мұражайға сыйға беріп, 2023 жылы актіленді, - дейді ⁠Мемлекеттік орталық музейінің музейлік деректану және қолжазба бөлімінің жетекшісі Жасұлан Белтенов.

Құран Кәрімге арналып жазылған тәпсірлер, дұғалар жинағы, Адам атадан ХІХ ғасырға дейінгі кезеңдерді қамтитын қысқаша тарихи шолу басылымы, музей қорына Мәшһүр Жүсіп Көпеев кітапханасынан келіп түскен.

Адам атадан бастап Мұхаммедке дейін:  25 пайғамбардың шежіресі

Көрмедегі қолжазбалар құнды деп санаймын. Бүгінге дейін сақталып келе жатқанына қуаныштымын. Бұл жерде барлығы төте жазумен жазылған екен. Осы ретте біздің елімізде осындай құнды дүниелерді оқып үйрену үшін мамандар даярлау қажет. Себебі төте жазумен жазылған құнды құжаттар көп. Бауырлас Түркиядағы ЖОО-да осаман тілін, төте жазуды оқуды үйретуді қолға ала бастаған.  Әдебиет тілінде оқып жатыр. Бізде осы бағытты қолға алса, - дейді Халифа Алтайдың ұлы Әбдірайым Алтай.

Көрме Орталық музейдің 3-залындағы арнайы алаңда орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы